Жолдағы қауіпсіздік сабағы
Қостанайда полицейлер "Назар аударыңыз, балалар!" акциясы шеңберінде жолдағы қауіпсіздік сабағын өткізді.
Аға инспектор Юрий Панасенкомен бірге №11 орта мектептің 3 сынып оқушылары жолаушылардың өтпе жолынан қалай дұрыс өту керектігін үйренді. Бұл шараның мақсаты – балалардың жолда жарақаттану мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару.
Жыл басынан бері облыс аумағында балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен 24 жол-көлік оқиғасы болды. Апаттың салдарынан 27 бала жарақат алып, бір бала қаза тапты.