Күйеу баласынан 65 мың теңге өндіріп алды

Қостанайда қайын ене күйеу баласынан сот арқылы 65 мың теңге өндіріп алды. Азаматша У. Өзінің күйеу баласы М.-дан материалдық және моральдық шығын өндіріп алу шағымымен Қостанай қалалық сотына жүгінген.сот
Іс материалдары бойынша, 2014 жылдың қазан айында Қостанай қаласы Майлин көшесіндегі пәтерде күйеу бала мен қайын ене  жанжалдасып, жауапкер енесінің бетінен соққы жасап, жарақат салған. Бұл әрекеті үшін Қостанай қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен азамат М. ҚР ӘҚБтК 79-3 бабының 2 бөл. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынады.
Өзінің қызының көзінше күйеу баласынан соққы алып жан күйзелісін, тән ауырлығын алған әйел, моральдық шығын өндіріп алу үшін азаматтық тәртіпте сотқа жүгінген. Сот жауапкерден талапкер пайдасына материалдық шығын мен моральдық залал өтемі ретінде 65 мың теңге өндіруге шешім шығарды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. 
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓