Бақылаушылар біле жүруі тиіс
Бақылаушылардың фото, аудио және бейнежазбаны пайдалануы ҚР Конституциясында кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ Конституциялық заңда бекітілген дауыс беру құпиясын сақтау қағидатына қайшы саналмайды.ҚР Конституциясының 18-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 8-бабына сәйкес, Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, республиканың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелеріне дауыс беру сайлаушылардың ерікті де жасырын әрекеті, оған қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 145-бабына сәйкес қандай да бір адамның бейнесін оның келісімінсіз пайдалануға ешкімнің құқығы жоқ. Басқа адам бейнеленген бейнелеу туындыларын (сурет, фотосурет, кинофильм және басқалар) жариялауға, қайта шығаруға және таратуға бейнеленген адамның келісімімен ғана жол беріледі.
Мұндай тәсіл субъектінің келісімімен қол жеткізу және жинау еркін болып саналатын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын Дербес деректер туралы заңнаманың талаптарына да негізделген.
Осылайша, фото және бейнежазбаны жүзеге асыру дауыс беру құпиясын және сайлаушылардың жеке деректерін қорғауды ескере отырып қана жүргізілуге тиіс, азаматтардың бейнесін олардан келісім алғаннан кейін пайдалануға болады.
Сонымен қатар, Конституциялық заңның 20-1-бабы 3-тармағының 4-тармақшасына сәйкес байқаушы сайлау комиссиясы төрағасының сайлау учаскесіндегі тиісті сайлау комиссиясы белгілеген мінез-құлық қағидаларын сақтау жөніндегі талаптарын орындауға міндетті.
Бұл ретте "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 61-тармақшасына сәйкес, жазба (фото, аудио және бейне) трансляцияға (тікелей эфирге шығуға) ұқсас санат болып саналмайды. Осыған байланысты заңнама сайлау учаскелерінен онлайн-бейнетрансляция жүргізуге жол бермейді.
Бақылаушы жүргізген Фото, аудио және бейнежазбалар азаматтық, қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұған егер олар заңнамада көзделген талаптарды сақтай отырып алынған болса ғана жол беріледі.