Погон таққан сұлуларға құрмет
Жақында Рудный қаласының ІІБ нәзік жанды қызметкерлері арасында «Ал, қанекей қыздар-ай» байқауы өтіп, полиция аға лейтенанты Валентина Краснова жеңімпаз атанды. Басқарма басшылары мен «Нұр Отан» партиясының өкілінен құралған әділқазылар алқасы алты номинация бойынша үздіктерді іріктеген болатын.
Барлық сынақтардан сүрінбей өткен кәмілетке толмағандар ісі бойынша учаскелік инспектор Валентина Краснова «ІІБ сұлуы» атанды.
Сонымен қатар полиция капитаны Анар Қарымсақова, әділет аға лейтенанты Анар Аленова, полиция лейтенанты Алтын Бірімжанова, қатардағы Тамирис Ансабаева мен Ғалия Нұрахметовалар үздіктер қатарынан көрінді.
Қостанай облысы бойынша төтенше жағдайлар Департаментінің ерлер қауымы ұжымдағы нәзік жандыларды төл мерекелерімен құттықтады. «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» бастығының міндетін атқарушы өртке қарсы қызмет полковнигі Д.Полончук әйелдерге деген ыстық ықыласы мен тілегін білдіріп, мерекемен құттықтады.
Мереке құрметіне ұжымның үздіктері Ішкі істер министірі атынан, Төтенше жағдайлар комитеті төрағасы атынан, Қостанай облысы ТЖД бастығының атынан құрмет грамотасымен, грамотамен және алғыс хаттармен марапатталды.
Махаббат Бекбай