Әріптестерін алдап соққан

18 қыркүйек күні Әулиекөл аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Құсмұрын кентіндегі бала бақшаның 13 қызметкері келіп, өздерін алдап кеткен бұрынғы әріптесін жауапкершілікке тартуды өтінді.
Балабақша меңгерушісі болып істеген әйел газетке жазылуға деп ақша жинаған. Алайда газетке жазылушылар алты ай бойы газет  көрмеген. Олардың 24 мың теңгесін қалтаға басқан әйел жұмыстан шығып кеткен. Алайда полицейлер көп ұзамай алаяқты ұстады. 46 жастағы қостанайлық әйелге қатысты "алаяқтық" бабы бойынша (ҚР ҚК 177-1  бабы)  қылмыстық  іс  қозғалды. Алдын ала тергеу жүргізілуде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓