Портреттік кеш өтті
Жақында Н. Құлжанов атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде облыстық "Дала өлкесі тарихы" мұражайымен бірлесіп ұлағатты ұстаз, білікті музыка маманы Ә. Сарманованың портреттік кеші өткізілді.
Ә. Сарманқызы Ұлы Жеңісті ала келген ұрпақтың өкілі. Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында дүниеге келген. Меңдіқара педагогикалық учелищесін, Алматы қыздар педагогикалық институтын бітірген.
Қазақтың көрнекті композиторы Б. Байқадамовтан дәріс алып, институттың музыка факультетінің тұңғыш түлектерінің бірі болды.
Жас маман Арқалық музыка мектебіне жолдамамен келіп, содан бері барлық өмір жолы қаланың тіршілігімен біте қайнасты. Торғай гуманитарлық колледжінде жиырма жылға жуық ұстаздық қызмет жасады.
Ардагер ұстаз зейнеткерлікке шықса да еңбектен қол үзбеген. Бүгінде ол қалалық ардагерлер ұйымы мен мәдениет сарайы жанынан құрылған "Қазына" ансамблінің хор ұжымының жетекшісі.
Кездесуде кеш иесі өнегелі өмір жолынан естеліктер айтып, колледж шәкірттері өнерден шашу шашты.
Мұрат Жүнісұлы
Суретті түсірген автор.
Арқалық қаласы.