Жастарды жұмысқа орналастырған “ЖАСТАР ТӘЖІРИБЕСІ”

Ботагөз Ерханқызы,
аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы:
– Бұл бағдарламаның пайдасы өте көп. Өйткені, жастар жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіргеннен соң, тәжірибесінің жоқтығынан бірден жұмысқа орналаса алмай қиналады. Мамандығы бойынша осындай мемлекеттік қызметке тұруда бағдарламаның көмегі өте көп. Мәселен, жұмыспен қамту орталығы 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін "Жастар тәжірибесі" бойынша заңгер, есепші, инженер, салық қызметінің маманы, механик, іс жүргізу, эколог, агроном, туризм менеджері сияқты мамандықтар бойынша 75 адамды жұмысқа орналастырды.