Өмір қымбат

Суицизм жайында жие естігендіктен болар, құлағымыз әбден үйреніп алғандай. Күнделікті беріліп жататын жаңалықтардан соңғы кезде кәмелетке толмағандар арасында суйцидтің жиілеуі туралы хабарлама толып кетті.
өмірЕсіңізде болса, көктем мезгілінде Арқалықта бір айдың ішінде 4 жасөпірім өз-өздеріне қол салуға оқталған еді. Өкінішке қарай 9 сынып оқушысын құтқарып қалудың орайы келмеді. Бұл отбасы үшін ауыр соққы. Десе де, үшеуінің өз өздеріне қол салудың себептері түрліше екен. Деректерге сүйенсек, 8-сынып оқушысының 5-ші қабаттан құлап кетуінің себебі, ата-анасы әпкесіне көбірек көңіл бөледі. Мамандар балалардың қайғылы қадамға баруларының бірнеше себептерін атайды. Олар: отбасындағы түсініспеушілік және жауапсыз махаббат. Әлеуметтік желілердің де бұл ретте әсері  бар. Психолог мамандар өзiне қол жұмсаған адамдарды психологиялық күйзелiске ұшырағандардың қатарына жатқызады.
Биыл-ғы жылы Затобол кентінде Кристина есімді 19 жасар бойжеткен үлкен көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болып, оған бейтаныс жігіттің көмегі тигені бар. Жас қызды өлімнен алып қалған Олжас Иманбаев Астана қаласындағы жоғарғы оқу орындарының бірінде заңгер мамандығына
оқып жатқан. Олжас бұл қадамын ерлікке санамайды. Қайта өрімдей жас қыздың өміріне араша түскенін өзінің азаматтық борышы деп санайды. Ал, бір өлімнен аман қалған Кристина өзінің мұндай қадамға баруына не түріткі болғанын ашық айтпастан үндемей құтылыпты. Бұл соңы қуанышпен аяқталған бір ғана мысал. Тағдырдың соққысына шыдау оңай емес, әрине. Бірақ кейінгі жастар морт сынғыш, ашуланшақ болып алған. Бұған компьютердің, интернетте қаптап кеткен түрлі теріс ақпараттардың әсері бар болар. Сондықтан жастар жаман ойдан арылып, өмірдің тамаша тұстарын да көре білсе екен дейсің.
 Айым ӘБДІЛДӘ
Қостанай қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓