Арулар сыны

Қостанай қаласындағы Балалар шығармашылығы үйінде "Қыз сыны" байқауы өтті. Ажарлы да ақылды арулар сынағына қаладағы мектептердің жоғары сынып оқушылары қатысты.DSC_4427
Іс-шараның басты мақсаты – қазақ қызына тән барлық болмысты көрсету, салт-дәстүрлерді дәріптеу. Бұл байқаудың өтуіне 23 ұйым өкілдері демеушілік жасап, қолдау білдірді. Сонымен, үміткер арулар көпшілік көрерменнің және қазылар алқасының алдында барын салып, өнер-білімін көрсетті.  Байқау қорытындысында бірінші орынды С.Мәуленов атындағы гимназиясының 9-сынып оқушысы Айша Ғазиз жеңіп алды. Екінші жүлде де осы мектептің атынан қатысқан 9-сынып оқушысы Гүлнұр Әбеуоваға бұйырды. Ал үшінші орынға №10 мектептің 8-сынып оқушысы Талшын Мұхтарова лайық деп танылды. Өзге қатысушылар да әртүрлі аталымдар бойынша марапатталды. Жеңімпаздарға әртүрлі сомадағы жеңілдік сертификаттары табыс етілді. DSC_4383
DSC_4404
DSC_4407
DSC_4413
DSC_4414
DSC_4435

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓