Еленаның гүлдері

– "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасына қатысып, гүл өсіруді қолға алдық. Бағдарлама арқасында 3 млн. теңге қаржы алып, жерді өңдейтін шағын мотоблок, культиватор сатып алдық. Үй ауласындағы жерді жылыжай етіп қайта жабдықтадық. Құрылыс материалын сатып алып, талапқа сай төбесін жаптық. Қыстың күндері ішін жылытатын пештер орнаттық. Шаруамызға жеңіл болсын деп, "Газель" көлігін алдық. 7 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз, – дейді Елена.
Кәсіпкер гүлдерді сату жағынан қиындық туғызбайтынына сенімді. Қазірдің өзінде олардың өскіндеріне Атырау және өзге де облыстардан, аудан-қалалардан тапсырыс көптеп түсіп жатыр.
Гүл бизнесін дамытуды қолға алған Елена Турпитконың бұл кәсібі бала кезден сүйікті ісі болғандығын айтады. Сезімтал өсімдік түрінің күтім-бабы аса ұқыптылық пен ыждаһаттылықты қажет етеді дейді ол.