Құрметті әйелдер!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймын!
Осы көктемгі шуақты күндері біз ең назды сезімдеріміз бен тілектерімізді білдіруге ұмтыламыз.
Біздің еліміздің көп ғасырлар бойғы тарихы сіздердің жасампаз бейнелеріңіздің талай ай-ғақтарын сақтауда.
Сіздер біздің Тәуелсіздігіміз-дің сындарлы кезеңінде түсініс-тік таныттыңыздар, сендіңіздер және болашақты құрдыңыздар.
Сіздерге нық сенімділік, сабырлылық және еңбексүйгіштік тән.
Әйелдердің – соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, әскер жесірлерінің, концлагерлері тұтқындарының үлесіне ауыр еңбек пен күрделі сынақтар түсті.
Тың көтеру жылдарында сіздер заманауи ауыл шаруашылығының негізін қаладыңыздар. Бүгіндері сіздер өрелі инвестициялық жобаларды іске асырудасыздар, инфрақұрылымды дамытудасыздар.
Сіздер өздеріңіздің білімде-ріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен қамқорлықтарыңыз бәрінен де көбірек қажет болатын жерлерде – білім беру және денсаулық сақтау салаларында еңбек етудесіздер.
Сіздердің ой-пікірлеріңіздің Қостанай облысының қоғамдық-саяси өміріндегі маңызы айтарлықтай.
Біздің әйелдеріміздің азаматтық секторда алатын орны ерекше.
Қазақстандық отбасы тауқыметінің көп ретте әйелдердің – үй ошағын сақтаушылардың нәзік иығына артылатынын айтып жатудың өзі артық.
Әйелдер халықтың рухани құндылықтарын, отбасылық дәстүрлері мен жәдігерлерін құнттап, кейінгілерге табыс етеді.
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ізгі аналық кеңестеріңіз жас отбасыларының ақиқаттық құндылықтар табуына көмектеседі.
Қымбатты әйелдер!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық құт-береке және әйел бақытын тілейміз.
Сіздердің жанұяларыңызда тыныштық пен жылулық болсын, еңбекте және балалар тәрбиесінде табысқа жетіңіздер!
Сіздердің өмірлеріңіздегі әр күндеріңіз өздеріңіздің айналаңыздағы адамдардың сүйіспен-шілігі мен қамқорлығына толы болсын!
Құрметпен,
Қостанай облысының әкімі Н.Садуақасов.