Қымбатты әйелдер қауымы!
Бұл – қымбатты да, сүйікті аналарымызға, жұбайларымызға, қыздарымыз бен қарындастарымызға сыйлы, қадірлі, сүйікті екендерін шынайы құрметпен жеткізетін ерекше күн! 8 наурыз – көктемнің, жақсылықтың жаршысы, өмірдің, махаббат пен сұлулықтың бастауы. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Әйел – ардақты ана, адал жар, өнегелі келін, сенімді құрбы, жауапты қызметкер. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт әкеледі.
Айналасын ізгілік пен мейірбандық шуағына бөлеген қымбатты нәзік жандар, Сіздерге, ел ертеңі үшін атқарып жатқан игі істеріңізге деген ризашылығымызды жеткізе отырып, жарқын көңіл-күй, қажымас қайрат, мол бақыт, жанұяларыңызға береке-бірлік тілеймін!
Құрметпен,
Қостанай облыстық мәслихатының
хатшысы С. Ещанов.
Жасай беріңіздер!
Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысқан апайлар, ерлері Отан үшін шәйіт болған кейуаналар, тылда еңбек еткен аналар, қарындастар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Денсаулықтарыңыз сыр бермесін, бейбіт өмірде ұрпақтарыңызға мейірлеріңізді төгіп, жасай беріңіздер.
К.ҮКІҰЛЫ,
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жүздеріңізден қуаныш кетпесін!
Баршаңызды көктемнің көрікті мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Әйел – мейірім мен махаббаттың, сұлулық пен ізгіліктің символы.
Ана қуанышы – әр отбасының, Отанның мерейі. Әрқашанда шаңырақтарыңыз берік болып, жүздеріңіз нұрға бөлене берсін! Деніңізге саулық, мол табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Әлия Сапарова,
«Нұр Отан« партиясы Қостанай
облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Құрметті әйелдер!
Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйел-Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен облысымыздың мерейінің үстем болуында, қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңіліңізді нұрға, жүрегіңізді жырға бөлесін!
Ақ ниетпен Торғай мұражайлар кешені ұжымы.