Жаңа зауыт іске қосылады

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Федоров ауданының Копыченка ауылында жылына 47 мың тонна өсімдік майын шығаратын зауыт пайдалануға беріледі, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. подсолнечныйФедоров ауданының əкімі Тəуба Исабаевтың айтуынша, зауыттың құрылысы қараша айында аяқталды.
«Бұл инвестициялық жоба алдағы айда іске қосылады. Цех жылына 7000 тоннаға дейін рафинадталған өсімдік майын өндіреді. Германияда жасалған құрылыс материалдарын пайдаландық. Ал құрал-жабдықтар Италиядан әкелінді. Кейінірек оны экстракциялауды жоспарлап отырмыз. Яғни, майлы тұқымдарды химиялық жолмен өңдейміз»,- дейді Т. Исабаев.
Зауыт жергілікті шикізаттан табиғи таза өнім шығарады. Өндіріс толық автоматтандырылған. Кәсіпорында барлығы 12 адам еңбек ететін болады.
«Салқын күйде сығымдау арқылы май шығарамыз. Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстанға жібереміз. Қытайға шығу да жоспарда бар. Оны уақыт көрсетеді. Сұраныс бар, шикізат жеткілікті. Сондықтан кәсіпорын өндіріс аясын кеңейтуді қолға алды», – дейді шаруашылық құрылтайшысы Мұхамбетжан Ақұлов.
Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, зауыттың ендігі межесі – экспортты еселеу. Бұл жоба кәсіпкерлікті қолдау Картасына енгізілді. Оның жалпы құны – шамамен екі миллиард теңге.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓