Сақтық шараларына салғырт қарамайық!
Coronavirus2020.kz ресми сайтының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда өткен тәулікте 1604 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 41 мыңнан асып кетті. Бұл бәрімізге ой салуы тиіс. Неге бұлай болып жатыр? Бәрі сақтық шараларына салғырт қарағандықтың кесірі деп ойлаймын.
Француз жазушысы және әскери ұшқыш Антуан де Сент-Экзюпери өзінің «Адамдар жері» атты еңбегінде: «Нағыз байлық, бұл – адамдар арасындағы қарым-қатынас», – деп жазған. Қазақстандағы төтенше жағдайдың 50 күннен астам уақытқа созылу кезеңінде, атақты француздың әлгі дәйексөзінің дұрыстығына бәріміздің көзіміз жетті… Туыстарымызбен, достарымызбен, көршілерімізбен, әріптестерімізбен, COVID-19-ға дейін күнделікті қарым-қатынаста болған барлық адаммен көзбе-көз жүздессек деген тілек санамызды жаулап алды. Өйткені Zoom, скайп, телефон бізге қашықтан, алыстан байланысуға мүмкіндік бергенмен, адаммен тікелей қарым-қатынас жасауды алмастыра алмады.
Алайда, оқшаулану отбасылық қарым-қатынас беріктігінің, стреске қарсы тұрудың, өзіңнің және басқаның өмірі үшін жауапкершіліктің, ережелерге бағынудың, дүрбелеңге бой алдырмау және оны таратпаудың күрделі сынағына айналды.
Мемлекет басшысының 19 наурыздағы төтенше жағдайды енгізу және одан әрі ұзарту туралы шешімдерінің себебімен біз әлемде жасай алмаған маңызды нәтижеге қол жеткіздік, яғни қауіпті вирустың таралу жылдамдығын азайттық.
Дәрігерлеріміздің өмірі мен денсаулығының өтеуімен, алапат күш-жігердің арқасында COVID-19-бен әлі де күресіп келеміз. Бірақ, бәрі адам баласы. Дәрігерлер де ауырып қалып жатыр. Оларға көмектескеніміз – үйде болғанымыз. Осыны жақындарымызға түсіндірейік, өзіміз де бұлжытпай орындайық.
Карантин кезінде не істеу керектігін жақсы үйреніп алдық: бетперде кию, жұмыс орнын дезинфекциялау, қолды жуу, әлеуметтік қашықтықты, әсіресе адам көп жиналатын жерлерде сақтау, барлық туысты аралауды, қалалар мен ауылдардан ағайын-туысты жинауды шектеу. Бізге төтенше жағдайдан шығудың төте жолы карантин шараларын қатаң сақтау болды. Соңғы кезде мұны елеп-ескермей жатқандаймыз. Ес жиятын уақыт жетті, қостанайлықтар!
Төтенше жағдай кезінде талаптарға күмәнмен қараған және оларды түрлі жолдармен бұзған жандар кездесті. Бір айтарым, COVID-19 жағдайында, әлі де біраз белгісіз мерзімде, дәлірек айтсақ, қанша қажет болса, сонша уақыт барлық сақтық шараларын орындауымыз қажет.

Айнаш Даданова,
облыстық мәслихат депутаты