Нәзік жандар әрдайым қатарда

Аяулы асыл жандар өмірімізге көктем нұрындай шуақ берген сұлулық пен пәктіктен жаралған. Жер-дүние жаңарып, табиғат-ана оянатын көктемнің өмірдің мәні мен сәні саналатын әйелдер мерекесінен басталуы тегін болмаса керек. Осынау көктемгі тамаша мереке – 8 нау­рыз Халық­аралық әйелдер күні қарсаңында газет-журналдардың алғашқы беттері біздің аналарымыз, апаларымыз бен сіңлі-қарындастарымыз, қыздарымызға арналады. Қазіргі таңда әйелдер араласпайтын сала жоқ деуге де болады. Қоғамның барлық саласында жауапты қыз­меттердің тізгінін ұстап жүрген асыл жандар көп. КозбакСол сияқ­ты Жанкелдин аудандық прокуратурасында арулар ер-азаматтармен қатар ауыр жүкті арқалап, елге қызмет етіп келеді. Мейрамкүл Шәмшиденқызы өз еңбек жолын 2006 жылы туған жері Аманкелді ауданы прокуратурасының кеңсе меңгерушісі қызметінен бастады. Қазір Жанкелдин ауданы прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарып жүр.
Қазақы тәрбиені бойына сіңірген Мейрамкүл Қозбақ қарапайым отбасынан шыққан. Бүгінде екі баланың анасы. Отбасының ұйытқысы, сүйікті жар. Достарына сыйлы, әріптестерінің ортасында абыройлы.
Аудан прокурорының аға көмекшісі қызметін атқару барысында әлеуметтік-­экономика саласындағы заңдылықтарды қадағалау жұмысында және тағы басқа салаларда бірталай жұмыстар атқарып, өзінен кіші қыздарға үлгі көрсетіп келеді.    
Құқық қорғау органы қызметінің ыстығы мен суығына қарамай қызмет етіп жүрген Мейрамкүл өзінің жеке уақытымен санаспай, жұмысқа да үлгіріп, өзінің ана екенін, үйдегі тіршіліктерін де ұмыт қалдыр­майды. Жауапкершілік деген ауыр жүкті абыроймен арқалап жүрген Мейрамкүл сияқты асыл аруларымыздың еңбектері өте зор.
 
Жанкелдин аудандық
прокуратурасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓