Талап пен қызметші

    Елімізде қабылданған Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 15 қадамы  негізінен кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға арналғанын, осы қадамдардың мемлекеттік қызметтегі қызметшілерді кешенді аттестаттаудан  өткізуге арналғанын айта кеткеніміз жөн. Сондықтан да бүгінде республикамызда, соның ішінде облысымызда мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіліп жатқан кешенді аттестаттау қазіргі  уақыттың талабына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, біліктілігін, тұлғалық қасиеттерін анықтау болып табылады. Өңірлік баспасөз клубында журналистермен өткен баспасөз мәслихатында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің  өкілдері жоғарыда біз әңгімелеген мемлекеттік қызметшілерді аттестаттаудың барысымен,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және департаменттің бірінші тоқсанда атқарған жұмыстары мен іс-шаралары туралы жан-жақты айтып берді.маман
     -Қазіргі таңда Қостанай облысында үстіміздегі жылғы  1 ақпанынан 20 сәуір аралығында 4414 мемлекеттік қызметші бірыңғай құзыреттілік шегі бойынша тестілеуден өтті. Осы қызметшілердің  көбісі «өте жақсы», «нәтижелі» деген бағалаулар алды. Сонымен бірге  151 қызметші «қанағаттанарлық»,  15 мемлекеттік қызметші  «ең кем» деген бағаға ие болды. Тесттілеу барысында ешқандай заң бұзушылық байқалған жоқ. Бүгінге дейін 21 қызметші тесттілеуден өткен жоқ. 1 наурыздан бастап  аттестаттаудың  екінші деңгейі басталған-ды. Мәліметке келер болсақ, 27 сәуірді қоса алғанда әңгімелесуге қатысқандардың 964 мемлекеттік қызметшінің 950-і өтті. Олардың 82 пайызы өздерінің лауазымдық орындарына сәйкес келеді,  17%-ның лауазымдарын  жоғарлатуға, 4-нің қызмет лауазымын төмендетуге ұсыным жасалды,-деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының жетекшісі Д. Хасенова.
     Ал, енді үшінші кезең бойынша  үстіміздегі жылдың 3 сәуірінен селолық және ауылдық атқару органдарының мемлекеттік қызметшілері аттестаттау комиссиясынан әңгімелесуден өтті. Осы аттестаттаудан өтуге келген 1512 қызметшінің 6-ның лауазымдық қызметі төмендетілді,  4-і қызмет орнынан босатылды.
    -Айта кеткенде,  лауазымдық  орындарын босатқан үш маман Қостанай, Аманкелді, Қарасу аудандарынан болады. Арқалық қалалық мәслихатының бас маманы да лауазымдық орнын босатуға келді. Сонымен бірге, орталық мемлекеттік органдары өңірлік бөлімшелерінің қызметкерлері арасында қызметін босатқандар бар, олардың саны  –4, солардың бірі – мемлекеттік кіріс басқармасы жетекшісінің орынбасары. Осы мекеменің екі  бас маманы да  аттестаттаудан өтпеді. Цифрларға жүгінсек, әңгімелесуден 1613 адам өтті. Олардың 1417-і өздерінің лауазымдық қызметтеріне сәйкес келеді. 167-нің лауазымдық қызметтерін жоғарлатуға, 24-нің қызметін төментетуге, 4-нің қызмет орнын босатуға ұсыным жасалды.  Лауазымдық қызметтерін босатуға ұсыным жасалғандардың көбі Қостанай ауданына келіп отыр. Аттестаттау әлі аяқталған жоқ, ол шілде айына дейін созылады, – деді Д.Хасенова.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓