Зейнеткердің заңсыз әрекеті анықталды
Рудный қаласында зейнет жасындағы азаматшаның есірткі сатумен айналысқаны анықталды. 60 жастағы кісіні құрықтаған сәтте жалпы салмағы 20 граммды құрайтын, арнайы оралған 13 есірткі болған. Күдіктінің үйінен есірткіні бөлшектеп, өлшеуші таразы табылыпты. Зейнеттегі кейуананың қылмысынан көршілері хабарсыз болғанымен, нашақорлар арасында «баба Маша» деген атпен танымал көрінеді.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
-Бұл кісі бұған дейін де есірткі сатқаны үшін айыбын өтеп шыққан. Бостандыққа шыққаннан кейін, қайтадан көлеңкелі бизнеспен айналысып, күйеуі мен күйеу баласын да осы кәсіпке шақырады. Жолдасы 2014 жылы қамауға алынды. Ал, күйеу баласы жарты жыл бұрын қолға түсті, – дейді Қостанай облыстық ІІД-нің нашақорлыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Лев Квасенко.