Студенттер шәкіртақысыз қалды

Бұрынғы Қостанай техникалық-экономикалық колледжінің студенттері 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап тиісті шәкіртақыларын ала алмай жүр. Шиеленіскен мәселе туралы аталмыш колледждің 2-курс студенті Әбіл Әбдікәрімнен естідік. Ол «Нұр Отан» партиясы ҚОФ-ның қоғамдық қабылдауына шағымданып, мән-жайды Қостанай облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумоваға баяндады._MG_1161Жүздеген студенттің жанайқайын айта келген Әбіл Сақтағанұлы бұл мәселеге басқарма басшысының араласуын сұрады.
– Мен ҚИнЭУ техникалық-экономикалық колледжінің 2-курс студентімін. «Автоматика, телемеханика және темір жол транспортының қозғалысын бақылау» мамандығында оқимын. Былтырғы қыркүйектен бері шәкіртақы алмадық. Басшылықтың түсіндіруі бойынша, колледж қайта аттестациялаудан өткен соң, желтоқсан айынан бастап төрт айдың шәкіртақысы төленеді. Сондай-ақ, колледж бұрын ҚТЭК деп аталған, қазіргі күні ҚИнЭУ колледжі болып өзгерді. Біз күте-күте қаңтар айына да жеттік. Бірнеше мамандықтың студенттері үш айдың шәкіртақысын алды. Ал біз әлі жүрміз,-деді студент Әбіл Әбдікәрім._MG_1163Колледж дер кезінде лицензия алмаған. Сондықтан, студенттердің шәкіртақысын кешеуілдетіп отыр.
-Бұл мәселенің бар екені шындық. Олар лицензия алу жұмысын ұзақ уақытқа созды. Лицензия алған соң ғана, біз келісім-шарт жасадық. Лицензиясыз келісім-шарт жасай алмаймыз. Заңды бұзуға құқығымыз жоқ. Қазіргі күн сот талқылауы жүруде. Алдағы уақытта түйткілдің түйіне тарқайды деген сенімдеміз. Колледжді сіз өз еркіңізбен таңдадыңыз. Қай жерде сенімді, қай жерде білім алған дұрыс деп әу баста ойлану керек еді. Бұл мәселе білім басқармасының және әкімдіктің бақылауында,-деді облыстық білім басқармасының басшысы Бәтима Даумова._MG_1160Қоғамдық қабылдаудың қорытындысында, «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалы осы мәселе бойынша колледжге сұрау жіберіп, бақылауға алатын болды._MG_1179
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

8 Responses

  1. Қолқоюсыз айтты:

    "…Колледжді сіз өз еркіңізбен таңдадыңыз. Қай жерде сенімді, қай жерде білім алған дұрыс деп әу баста ойлану керек еді", — деуіңізге жол болсын. Жарнамасы жарқырап, "бал өмір" уәде етіп тұрса, түбі ауыздан ұрып кетеді деп кім ойлайды? Иіскеп біле ме? Жәрайды, студенттерді былай қоя тұрайық… Бұл колледждің мұғалімдері де сентябрьден бері жалақы көрмей келеді. Таңым бар, 6 ай бойы соқыр тиынсыз қалай өмір сүріп келе жатқандарына. Мындай қызық сұрақ туындайды – колледж директоры мен бухгалтерлері де айлықсыз күнелтіп келе жатыр ма екен? Әәәй, қайдам!

     

  2. Бүркеншек айтты:

    Ақша жоқ ақша жоқ дид, бірақ колледждің ішінде жаңа асхана салып жатр. Жоғары жаққа жүгінуге ешкім бата алмай келіп еді. бірақ толкы болмайтын сияқылды ғой тағы бір-екі ай өтпей,

  3. Аноним айтты:

    Расымен Бәтима Даумованың бұлай айтқаны жөн болмапты. Дегенмен осы студенттерге таң қалам ақша төлеп оқып жатқан жоққой бастысы. Кішкене күн көрсе өлеме екен? Өзіміз бәлен мың теңге төлеп оқыдық ештеңе жоқ. Ата-ананың гранты мен шәкіртақысын алдық. 

    • Анон айтты:

      Бәрінің бірдей ата-анасы "үріп ішіп, шайқап төгіп" отырған жоқ қой. Егер ата-анасының жағдайы болса, ақша төлемейтін болғандықтан бұл колледжде амалсыз орысша оқып жүрмес еді. Онсызда сабақты жауып қойып "Складскойда" грузщик болып жүрген (пәтерақы, проезд үшін) достарым жетеді. Базар жоқ шыдаумен келе жатырмыз. Бірақ "темірдей төзімнен тебендей" қалғанын жарымаймыз

  4. Батыр бала айтты:

    Колледж жекеменшік болған соң ойына келгенін істейді. Бұл жерде білім басқармасының кінәсі жоқ. 

  5. Аноним айтты:

    Бәрінін ата-анасы шалқып жүрмегені рас. Мен асып-тасып бара жатқан соң бұлай жазған жоқпын. Өзім жылына 300 мыңға оқыдым. Ата-анам өтірік айтпай-ақ қояйын кредиттен кредит алып оқытқан. Шіркін жарықтықтар баласы үшін не істемейді? Қазір соны біртіндеп жауып жатыр. Ал, сол кезде кафеде официант болып жүмыс жасадық ештеңе жоқ.

  6. Қызыл шарфты қыз айтты:

    Иә, мұндай мәселелер жеке меншік оқу орындарында көптеп кездеседі. Негізі мемлекеттік оқу орындарда оқыған жөн-ау. Өзім сол жеке меншікте оқып жатқандарды "қатырып" жатыр дегеніне күмәнім бар. Біраз таныстарым оқиды, мұғалімдері парақор деп естідім. Ал студенттері сабаққа немқұрайлы қарайды екен. Жалпы, білім жоқ! 

  7. Думан айтты:

    Лицензия ала алмаса бұл оқу орнының кінəсі. Ол үшін тұтынушы зардап шекпеуі тиіс. Шəкіртақы, жалақы тауып бере алмағандары үшін заң алдында жауап беруі керек жəне қомақты айыппұл төлеуі тиіс. Б.Д осыны жақсы біледі. Біле тұра оқушыларды жазғырып отыр. Негізінде бұл жайында прокуратураға хабарлауы тиіс еді. Кімнің жоғын жоқтап отырғаны көрініп қалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓