Затоболда жәрмеңке өтті

Қостанай ауданының орталығы Затобол кентінде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. «Жәрмеңке болады» дегенді естіген халық ағыл-тегіл жиналды. Аудан әкімі Тәубә Исабаев та арнайы келіп, сатылымды байқап, әр тауардың бағасын бақылап, сатушылармен әңгімелесті.
«Затоболец» стадионы алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Белозер, Воскресенов, Владимиров, Заречный, Майкөл, Мичурин, Озерный, Октябрь ауылдық округтері мен Затобол кентінің белгілі тауар өндірушілері мен жеке кәсіпкерлер қатынасты.

IMG_4303

Сатылымда картоп пен орамжапырақтың  келісі 45-50 теңгеден бағаланса, сәбіз, жуа, қызылша – 70, асқабақ – 35, қияр – 80 теңгеден сатылды.

IMG_4319

Ет өнімдерінің де бағасы нарықтағы құнынан төмен болды. Халық әп-сәтте талап әкетті. Картопқа деген сұранысты да байқадық. Жәрмеңкеге келген жұрт қап-қабымен көліктеріне тиеп жатты.
 
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓