Мәңгі егемен ел болсын!

бата  1Алты алаш қазағым,
Мәңгі егемен ел болсын!
Озық тұрған әлемде,
Отыз елмен тең болсын!
Қазына, байлық, төрт түлік,
Сыңсыған бақты жер болсын!
Балығы тайдай тулаған,
Аққу-қаздар шулаған,
Айдынды шалқар көл болсын!
Ұл-қыздары шетінен,
Осының бәрін қорғайтын,
Еңіреп туған ел болсын!
«Оңтүстік, шығыс, батыс» деп,
Ру, тайпа, жүздердің
Ара жігін бөлмесін!
Ниеті бұзық келімсек,
Жерімізге енбесін!
Жымысқы зәлім сөзіне,
Жас ұрпақтар ермесін!
Білім қуып, еңбек қып,
Алысқа құлаш сермесін!
Әз-Наурыз құтты боп,
Ризық, несібе береке
Ағыл-тегіл, сел болсын!
Тілегімізді Алла қолдаса
Болмас ешбір теңдесің!
    Ыхыласбек МАХМЕТОВ.
Родина ауылы,  Арқалық қаласы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓