Наурыз – жыл басы

 
Алайда Қостанайда 1 қаңтармен қоштаса алмай жүргендер әлі де бар
Иә, күн мен түннің теңесіп, қыс пен жаздың түйісер тұсы – әз-Наурыз! Біздің ұлтымыз әлемсақтан Наурызды жыл басы, ұлыстың ұлы күні деп дәріптеген, ол үлкеннің де, кішінің де көңілін көктем етер тамаша мереке. Олай болса, оған дайындық та ойдағыдай болуы шарт қой. Мен бұл арада  әрбір отбасындағы дайындықты емес, бүтіндей қала, облыс, ел бойынша дайындықты айтып отырмын.IMG_8775
1 қаңтар – Жаңа жылға дайындық қоңыр күзден басталады. Қала көшелері, ғимараттар безендіріледі. Зәулім-зәулім шыршалар қойылып,  мұз қалашығы жасалады. Ескі Жаңа жыл деп 13 қаңтарда тағы бір әбігерге түсеміз. «Жаңа жылыңызбен!» деген құттықтаулар кейбір ғимараттарда, Құдай-ау, күні бүгінге дейін мызғымай тұр. Ал келіп қалған Самарқандтың  көк  тасын  еріткен Наурыз туралы Қостанай көшесінде әлі бір нышан, әлі бір ұран жоқ. Бұл туралы газетіміздің 27 ақпан күнгі санында Қостанай қаласының тұрғыны Айдар Алпысов та жазып еді.
Елбасымыздың Жарлығымен бір күн емес, ұдайымен үш күн бойы, ал биыл бес күн бойы (сенбі, жексенбі қоса алғанда) тойланатын Ұлыстың ұлы күнін лайықты қарсы алу Тәуелсіз елдің әр азаматының, әр ұжымының мықтап қолға алар, жанашырлық пен елжандылық көрсетер ісі болса керек-ті.
 
Сәлім  МЕҢДІБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓