Жамбыл мектебі жаңаруда…
Бүгінгі күні Қостанай ауданында аталған бағдарлама аясында ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда. Мамыр айынан бастап Жамбыл орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аталған бағдарлама аясында құрылыс жүргізуді мойнына алған "Арвис" ЖШС 30 адамды уақытша жұмыспен қамтымақ. Бүгінгі күні бағдарламаға қатысушы 10 адам білім ошағының құрылысына тартылған. Қазір құрылыс жұмыстарына ниетті жұмысшыларды іріктеу жалғасуда.
Бағдарламаның ерекшелігі – құрылыс қарқынын арттырып, тұрғындардың өркендеп келе жатқан елді мекендерге қоныстануына ықпал етеді. Бұдан бөлек Қостанай ауданында бағдарламаның бірінші бағыты бойынша өткен жылы Глазунов селолық округінің орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, бағдарламаның арқасында 3 адам жұмыспен қамтылды.
Ал үстіміздегі жылдың шілде айында 95 млн. теңгеге Мичурин селолық фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы басталады.