Көктемді біздер қарсы алып

Ақ-ару бұлттар билейді бұл кез аспанда,
Жасыл жейдесін жамыла шықты жас талдар.
Сырға тағынған ақ қайыңдар да сырласып
Сары ала көжек көлеңкесінен жасқанған.
 
Көкауыт қырлар қардан арылды күн ысып,
Қонжық оянып, түлкі тірлікке кірісіп,
Былжырақ батпақ баяулатады дегенмен
Өріске кеткен сауын сиырдың жүрісін.
 
Сылдырлап селдер, жарысып аққан жылғалар,
Таған құс пенен тыраулап жатқан тырналар,
Нараду наурыз жан бітіргенде бәріне
Қызу еңбектен кәрі әжем қалай құр қалар?!
1-0
Жайқалып жатыр жасыл алқаптай жан-жағым,
Жусан-жұпардың иісінен, шіркін, талмадым!
Жем-шөбі жеткен әкемнің жүзі көңілді
Жүгірмек біздің дайындап қойған қармағын.
 
Әгугай басып жайсаң әпкелер ән салып,
Жирен құлынның шабысына атам тамсанып,
Самаурын қойып әлекке түскен анашым
Қызғалдақ көрген қарындасым да жар салып
Өзгеше күймен көңіл-көктемді қарсы алып.
… көктемді жүрміз қарсы алып.
 
 

 

You may also like...

2 Responses

  1. ЕМБЕРГЕН айтты:

    нараду деген не)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓