Наурыз келді

Тұрдым бүгін таңнан бұрын, наурыз сурет
Талды көрдім жарған бүрін.
Келіп қапты-ау Наурыз елге,
Жаңа күнім  арман күнім!
 
Сай-сала енді жарқыраған,
Жалтыраған, сарқыраған.
Жаңа нұрға  жаңа жылға
Жеттің бе елім, халқым аман?!
 
Наурыз Елге сен үміт бер,
Таңғы нұр боп себіліп кел!
Қыздарға ақыл, сұлулық бер,
Жігіттерге серілік бер!
 
Қазағымды ырза ғып кел,
Қырға гүлмен жыр жазып кел.
Ырыс, тыныс, бейбіт күн боп,
Сараңдарды мырза ғып кел!
 
Биікке ұшсын көңіл-кептер,
Егін боп кел, сенім боп кел!
Бақыт, шаттық, аяулы арман,
Өлмес мәңгі өмір боп кел!
 
Алтын кірпік күн шығыпты,
Мейірімге аяз тұншығыпты.
Қардан аршып жатыр, әне,
Қостанайым тіршілікті!
 
Нұрболат Мешітбаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓