Зейнетақы белгілеудегі жаңашылдық
Қазақстандықтардың негізгі базалық зейнетақысы еңбек өтіліне байланысты белгіленетін болады. Мұндай жаңашылдық 2017 жылдың 1 шіледесінен бастап енгізілмек.
Егер азаматтың кем дегенде 10 жылдық жұмыс өтілі болса, онда оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% көлемінде зейнетақы белгіленеді. Ал одан кейінгі әр он жылға 2%-дан қосылмақ. Сонымен есептей келгенде, 20 жыл еңбектенген адамның базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% тең болмақ.
Махаббат Бекбай