Шетелге хат жолдасаңыз

Енді өзге елге хат немесе сәлемдеме жіберу кезінде жолдаушы мен оны қабылдап алушы туралы мағлұмат латын әріптерімен жазылуы тиіс. Тек Ресей мен Белорусь елдеріне жөнелтілген поштаны кириллица әріптерімен ресімдеуге болады.почта
Биылдан бастап Қазпоштаның дүниежүзілік пошта одағына (ДПО) кіруіне байланысты осындай жаңашылдық енгізіліп отыр.
Пошта қызметкерлерінің айтуынша, әлемдік одақтың техникалық стандарттарына сәйкес, тек латын әріптері мен араб сандары ғана анықталып танылады екен. Сондықтан одаққа кірген елдер бұл талапты орындауға міндетті. Ал Кедендік Одақтағы елдер арасында бұрынғыдай кириллицамен жазу қолданыла береді. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓