Қарызды қайтару керек
Облыс тұрғындарының коммуналдық қызметке қарызы 350 млн теңгеден асады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов осындай мәлімет айтты.
-Қараша айының 13-індегі мәліметтерге сәйкес, тұрғындардың берешегі 354 млн теңгеге жетті. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 125 млн теңгеге көп,-деп атап көрсетті Ғ.Нұрмұхамбетов. – Жылу компанияларының көгілдір отын алдындағы берешегі де қордаланып барады. Бүгінде жылу берушілердің «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ына қарызы 139 млн теңге.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қарыз мәселесін жаңа жылға дейін бірыңғайлау қажеттігін тапсырды. «Жаңа жылды қарызсыз қарсы алу үшін, барлық берешекті жабу керек. Сондықтан, аудан, қала әкімдеріне, коммуналдық қызмет көрсететін мекемелерге мәселені көпке ұзатпау шешуді тапсырамын,-деді өңір басшысы.
Әлібек ЫБЫРАЙ