Апатты жағдайға дайындық пысықталды

Қар көбесі сөгілге бастар тұста жылдағы дәстүрге сай өңір басшысы Н.Садуақасов төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына байланысты іс-шараның барысы жайында танысатыны белгілі. Сол әдетпен апаттық құтқару, бақылау-қадағалау, жедел жәрдем көрсету қызметтерінің жай-жапсарын байқап, олардың орындалу әрі жою шараларын көрді.чс 1
Төтенше жағдай бола қалғанда зардап шеккен халыққа алғашқы көмек көрсетудің жылдамдығын қалай ұлғайту керек, оған техникалық қуатымыз жеткілікті ме? Бұған алғашқы міндеттер қалай жүргізіледі? Міне, осындай өзекті сұрақтармен келген облыс әкімі құтқарушы қызмет өкілдерімен кеңінен әңгімелесті.
– Апат айтып келмейтіні анық. Алда-жалда төтеннен бола қалса, бұған қарсы қолданар қандай амал-қуатымыз бар? Техникаларымыз жеткілікті әрі сапалы ма? Қызметкерлердің жеделдігі қаншалықты орындалады? Осы әлпеттегі сұрақтарға жауап болуы керек,- деді Нұралы Садуақасов.
Бұған құтқарушы сарбаздар дайын екендіктерін, әсіресе, аймақтың қауіпті дейтін жерлеріне жылдам жұмылдырылатынын жеткізді.чс
Біз үшін Жітіқара, Таран, Торғайдағы көктемгі су тасқыны болады-ау деген аймақ жіті бақылауда екен. Кезі келгенде мұзды жарып қопару істері қолға алынатынын төтенше жағдай басқармасының өкілі мәлімдеді.
Сіздер өз ісінің шебер маманысыңдар,– деді облыс әкімі. – Бірақ, сол қауіпті деген аймақтағы халықты құтқарып қана қоймай, дер шағында ақпараттандыру да маңызды. Неғұрлым Төтенше жағдай министрлігінің күштері мен құралдарын әп-сәтте орналастыру, халықтың һәм материалдық залал шығынын азайтудың алдын алу керектігін де ескертіп қоямын.
Құтқару бағытында жүргізілген іс-шарада жол талғамайтын автокөліктер, мұнаралы шам, моторлы қайықтар, телекоммуникация, спутинктік қызмет машинесі, скафандрлер қойылып, олармен қалай жұмыс істейтіндігі  көрсетілді.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
Суреттерді түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓