ЖАҒДАЙЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

   Мереке күні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қаладағы көп балалы отбасылармен кездесіп, олардың өмір сүру жағдайымен танысты. Бұл жайында өңір басшысы өзінің "instagram" парақшасында жазды.
    Архимед Мұхамбетов сәлем бере барған Айтбаевтар отбасы 8 бала тәрбиелеп отыр, сәуір айынан бастап оларға шартты ақшалай көмек тағайындалыпты. Биыл "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімімен отбасыға 4 бөлмелі пәтер берілген екен.
     Әкім назарына іліккен Айтуаровтар отбасында да 4 бала, олар да атаулы әлеуметтік көмекке іліккендер қатарында.
"Көп балалы аналарға мемлекет тарапынан әрдайым тиісті қолдау көрсетіледі," – дейді облыс басшысы.
      Өңір басшысы екі отбасыны да мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓