Еңбек еткенге жұмыс көп

ж-2Тәуелсіз Қазақстанымыздың 23 жылдық жүріп өткен жолы көрсетті: егер мемлекет қолдамайынша халықтың жұмыссыздығын жою мүмкін емес. Жекелеген адамдардың бірлі-жарымды қамқорлығы адамдардың жұмыссыздығын мемлекеттік және жалпы халықтық деңгейде шеше алмайды.  Жұмыссыздықты тек қана мемлекет шеше алады. Мұның отандық үлгісін "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" Бағдарламасы көрсетіп келеді. Бұл бағдарламаның өмірге келіп, жұмыс істеуі – Қазақстан халқының көңілінен шығып, олардың мемлекетіміздің қамқорлығына деген сүйіспеншіліктерін арттырып отыр. Жекелеген миллиардер кәсіпкердің қолынан бұл шаруаны түбегейлі шешу келмейді. ТМД елдері арасында бірінші болып жұмыссыздықты азайту үшін арнайы түрде 2011 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020"-ны жасаған да – Қазақстан мемлекеті!
Бүгінде осы арнайы Бағдарла-маның игілігін тұтас еліміз көріп отыр. Мұның нақты нәтижелерін Аманкелді ауданының өмірінен де анық көруге болады. Бұл – сөз жоқ, қарқынды дамып келе жатқан республикамыздың өз халқына деген қамқорлығының жарқын бір көрінісі. Сонымен қатар, өзіне Қазақ елін әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосамын деген ұлы міндет, ұлы жауапкершілік алған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мақсатының соншалықты маңызды екенін де айғақтап отырған жетістіктер.
Бағдарламаның орындала бастағанына 2 жылдан асып барады. Бірақ, соған қарамастан Аманкелді ауданында да жұмыс-сыз жүрген қаншама адам осы бағдарлама негізінде жұмысқа орналасты немесе шағын несие алып, кәсібін ашты?! Қаншама адам облысымыздың колледж-дерінде қайта оқып, мамандық алып шығып, еңбек етуде?!
ж-1– Мысалы 2012 жылы осы бағдарламаның арқасында 45 жыл бойы жөндеу көрмеген Қ.Әбенов атындағы аудандық Мәдениет үйі 172 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Ал былтыр да осы бағдарлама аясында аудан орталығындағы Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепке 256 миллион теңгеге күрделі жөндеу жүргізілсе, Амантоғай ауылдық округінде 73 миллион теңгеге дәрігерлік жаңа емхана салынды. Талай адам өздеріне кәсіп ашып, істерін дөңгелетіп отыр. Жалпы, біздің Аманкелді ауданының жастары мен егде азаматтары да мемлекетіміздің қамқорлығын жақсы сезініп, соған сай іс жасауда, – дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мұрат Мә-житұлы Тобағабылов.
– "Жұмыспен қамту – 2020" Бағдарламасының басты мақ-саты – жұмыссыз жүрген жандар-ды жұмысқа орналастыру арқы-лы тұрғындардың табыс деңгейін арттыру, кәсіптік оқыту арқылы жұмыссыздарды жұмыспен қам-тамасыз ету, өз ісін яки, кәсібін ашамын деушілерге шағын не-сие беру арқылы бизнеспен, мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік бере отырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал жасау, – дейді аудандық жұмыс-пен қамту орталығы директо-рының міндетін атқарушы Жа-нар Айтбайқызы Мұздаханова.
Әріге бармай-ақ бағдарла-маны жүзеге асыруға байланыс-ты ауданда биылғы жылдың осы уақытына дейін бірқатар жұмыс-тар жасалған. Атап айтқанда аудан бойынша Бағдарламаға қатысушы ретінде жұмысқа 403 адам тартылған. Мұның ішінде 281 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болса, жұмыссыз-дар саны – 56 адам. Ал, 66 адам аз қамтылған отбасылардан.
– Ауылдық жерлер үшін Бағдарламаның екінші бағыты тиімді дейді осының игілігін көргендер. Себебі, несие алу өте тиімді және бастысы бұл несиелер аз пайызбен беріледі, әрі оны қайтарар кезде бөліп төлеуге қолайлы мүмкіндік жасалған. Осы бағыт шеңберінде жұмыссыздарға мемлекеттік қолдаудың мынандай түрлері көрсетілетін болады: сервистік қызметтер, оның ішінде консуль-тациялық қызметтер көрсетуге, оқуға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздерін тегін оқытуға, бизнес жоспарын дайындауға жәрдемдеседі. 1 жылға дейінгі мерзімге хабар-ларды сүйемелдеу, кәсіпкерлік негіздерін тегін оқыту курстары жүргізілді. "Шағын несиелер неғұрлым қолайлы шарттарды ұсынады. 3 миллион теңгеге дейінгі қаражат 5 жыл мерзімге тегін берілген. Атап айтар болсақ, биылғы жылы "Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы" бағдарлама-сының 2-ші бағыты бойынша біздің ауданымызға да 45,0 миллион теңге несие берілді. Несие ж-4алып, өз ісін ашуға және дамытуға 43 азамат ниет білдірді. Осылардың ішінен 21 адам несие алып, өз кәсіптерін ашты. Мысалы: Аманкелді ауданының тұрғыны Серік Әлғожин – авто-көлік жуатын, техника жөндейтін орындар ашуға кірісіп, құрылыс-ты бастап кетті. Қарасу ауылдық округінің тұрғыны Олжас Әбілдин – көпшілікке арнап монша құ-рылысын жүргізіп жатыр. Ал аманкелділік Лиза Мағзұмова шағын тігін цехын, Нұркелді Төкенов – компьютерлік орталық ашып, істерін жап-жақсы бастап кетті, – дейді Мұрат Мәжитұлы.
Ауданда аталмыш Бағдарла-маның 3-ші бағыты бойынша жұмыс-сыздарды әлеу-меттік жұмыс орын-дарына орналастыру, жас ма-мандарды "Жастар тәжірибесі-нен" өткізу, сондай-ақ кәсіптік оқыту, қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарына ниет біл-дірген азаматтарды оқыту ісі де жүйелі жүріп отыр. Биыл "Жастар тәжірибесіне" жергілікті бюджет-тен 1 917,0 мың теңге бөлініп, 12 жас маманға жолдама беріліп, қазіргі таңда олар тәжірибеден өтіп келіп отыр. Қазір оларды жұмысқа орналастыру қолға алынуда. Сол сияқты, биыл 10 айлық кәсіптік оқытуға 1121,0 мың теңге бөлініп, 6 адам таяуда жолдамамен есепші, газбен дәнекерлеуші, құрылыс және әрлеу жұмысының шебері мамандықтары бойынша оқуға жіберілгелі отыр. Біліктілікті арттырудың 3 айлық курсына бюджеттен 33,0 мың теңге қаржы бөлініп, 1 адам оқуға жіберіліп, электромеханик мамандығы бойынша оқып келіп, қазір ау-дандық электр жүйесі мекемесіне тұрақты жұмысқа орналасты-рылған.
Халықты жұмыспен қамтудың тағы бір түрі – әлеуметтік жұмыс орындары болып табылады. Ағымдағы жылдың жоспары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына аудандық бюджет-тен 2974,0 мың теңге қаржы бөлінген. 8 ай ішінде 23 адам түр-лі әлеуметтік жұмыс орындарына орналасып, еңбек еткен.
Елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру және санитар-лық тазалық жұмыстары жұмыс-қа тартылатын жұмыссыздар арқылы атқарылады. Биылғы жылы осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 14291,0 мың теңге бөлінді. 8 айдың қорытындысы бойынша аталған жұмыстарға 167 жұмыссыз тартылып, 9494,0 мың теңге игерілген. Қалған қаржы алдағы айларда игеріл-мек.
ж-3Халықты әлеуметтік қорғау-дың тағы бір түрі – тұрғындардың табысы аз санатына төленетін атаулы әлеуметтік көмек. Бұл тарапта 2014 жылдың 1 қыр-күйегіне дейін 36 аз қамтылған отбасылардың 148 адамға 2994,2 мың теңгенің көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көр-сетілген.
Аудан жыл басынан бері 28 мүгедек әртүрлі жұмыстарға жіберілген, осының 17-сі тұрақты жұмысқа орналастырылған. Мү-гедектерді оңалту шаралары да өз деңгейінде жүріп келеді. Жеке  оқыту бағдарламасына сәйкес арнайы жолдамалармен 9 мү-гедек "Дружба" оңалту орталы-ғында және 13 мүгедек "Сос-новый бор" шипажайында дема-лып келген.
Өңірде жұмыссыздықты азай-ту, шағын несиелер арқылы кәсіп ашу ісі жылдан жылға қанатын кең жайып келеді. Нәтижесінде, ауданда жұмыссыздар саны азайу үстінде. 
Негізі еңбек еткісі келгендерге жұмыс көп. Тек ниет пен талап болса, әсіресе, жастарға ауылда қай салада болсын жемісті еңбек етуге мүмкіндіктер мол.
Хамитбек
      МҰСАБАЕВ
Аманкелді ауданы.
Суреттерде: биылғы жылы шағын несие алып, Аманкелді ауданында автокөлік жуатын, техника жөндейтін орын ашуды қолға алған Серік Әлғожин жұмыс үстінде; шағын тігін цехын ашып іс бастаған кәсіпкер Лиза Мағзұмова несие қаржыға сатып алған тігін машинасымен және өзі жасаған түрлі ұлттық бұйымдарын сатып тұрған сәті; Нұркелді Төкеновтің ашқан компьютерлік орталығына келуші балалар.
Суреттерді түсірген автор.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓