Майдангердің немересімін

1942 жылы 23 қаңтарда Шилі ауылынан атамыз Бәкенов Нұрахмет соғысқа аттанды. Әжеміз Мүкітай кішкентай балаларымен үйде қалды, балалардың үлкені – Әкім ол кезде он төртте еді, Рамазан сегізде, Фазылжан үш жаста, ал Мұхамеджан әкесі соғысқа аттанғаннан кейін дүниеге келді. Мүкітай әжеміз мойыған жоқ, сол кездегі қиыншылықтарға қарамай балаларды асырап, сақтап, жеткізуге тырысты, бірақ 1943 жылының 3 сәуірінде өмірден өтті.балалар_фронт 1
Атамыз Нұрахметпен бірге ауылдасы, құрдасы Игісінов Халық та Алматы қаласында атқыштар полкінде дайындық курсында бірге болған. Дайындық курсын аяқтап, соғысқа аттанарда Игісінов Халық соқыр ішек болып госпитальге түседі де, атамыз поезд қозғалғанда қолындағы домбырасын көтеріп "елге сәлем" деп кете барады.
Атақты Курск иінінде 613-ші атқыштар полкі құрамында жаумен шайқаста 19 ақпанда 1943 жылы Песчанный селосында опат болады. Соғыс аяқталғаннан кейін Халық ақсақал бізге аталарың 1930 жылдары аштық кезінде халыққа ән салып, домбырасын тартып, елдің көңілін көтеретін деп айтып жүретін.
Жылдар өтіп жатты, көптен күткен Ұлы Жеңіспен соғыс аяқталды. Баланың үлкені Әкім қиыншылығына төтеп бере алды. Соғыс жылдары артельде балық аулап, 1945 жылы отбасын құрды, кейін шопан көмекшісі, шопан болып жұмыс істеді. Сол еңбектері үшін марапатталып, орден-медальдар алды. 1970 жылдары аудандық және облыстық депутат болып сайланды. Бауырларын өзімен бірге алып жүрді, қазір бәрінің де балалары, немерелері, шөберелері бар. Мұхамеджан ағай 2013 жылы дүниеден өтті.
Ұрпағы Отан үшін опат болған аталарын ұмытпайды.
                          Балғазы Бәкенов,
                          Майдангер немересі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓