Сарғайған газет беттерінен

Лейтенанттың әкесі майданға көмектесуде
Ұзынкөл ауданы "Бірлік" колхозының ұстасы Жалмағамбетов Әбіқан жолдас өзінің қарттығына қарамастан колхозда қажырлы еңбек етіп жүр. Ол жылма-жыл ауыл шаруашылық құрал-саймандарын мерзімінде және сапалы орындайды.
Оның баласы майдандағы Қызыл Армияда, кіші лейтенант, Герман фашистеріне өлтіре соққы берушілердің біреуі. Ал, лейтенанттың әкесі Жалмағамбетов жолдас Отан қорғау қорына 200 сомның облигациясын, ай сайын бір еңбек күнінің табысын берді. Мемлекетке міндетті түрде тапсыратын ет, сүт продукцияларын мерзімінен бұрын орындады.
                                                                                                         А. Чутаев.
            письма 1                               №202 (1391), 28 август, 1941жыл.
 
Ұлы майданнан жауынгерлік сәлем!
Мен Қостанай облысы Урицкий ауданында "Еңбек" колхозында туып-өскен жастардың бірімін. Қазір Ұлы Отанды жанқиярлықпен қорғау борышымды атқарып жүрмін. Жауды ақырына дейін жеңіп шығатынымызға толық сеніммен қажырлы күресудеміз.
Тылдағы жолдастар! Еңбекте майданға жәрдемді күшейте беріңіздер, колхоз шаруашылығын нығайта беріңдер.
Майданнан жауынгерлік сәлем!
                                                                          Жапар Махамбетов.
                                          (Майдандағы Армия)
                                          №204 (1393), 30 август, 1941 жыл.
Облыстық Совет аткомының коллективінде
Еңбекшілер депутаттарының облыстық Советі атқару Комитетінің 60-қа жуық қызметкерлері өздерінің жалпы жиылысында Қызыл Әскерге жылы киім беретінін айтты. Сол жиналыстың өзінде әркімнің жаздырғанынан 3 пар пима, 1 қысқа тон, 4 мақталы бешпент, 5 мақталы шалбар, жүннен тоқылған 2 жейде, 1 бөрік, 2 пар жылы қолғап, тағы басқа киімдер жиналатындығы мәлім болды.
Коллективтегі қызметкерлер бұл игілікті іске түгел қатынаспақ.
                                          №217 (1397), 14 сентябрь 1941 жыл.
 "Большевиктік жол" (қазіргі " Қостанай таңы") газетінен.
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓