Біздің әжей

Мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары ауылдағы көнекөз қария, 99 жастағы Күніш әжемізбен дидарласып, өнегелі әңгі-месін тыңдады. Аталған кездесу Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Біздің ауланың ардагерлері" атты акция аясында өтті.P1010407
Қарт ананың баласы Кенжеғали ағай мен келіні Сәуле апай біздерді дастархан жайып, күлімдеп қарсы алды. Күніш әжеміз тарихтан сыр шертіп, өткен өмір өткелдеріне тоқталып, тағылымды әңгіме айтты. Әжей көптеген салада абыройлы еңбек еткен. Оқушылар Күніш әжейдің әңгімесін қызыға тыңдады. Жеңіс үшін еңбек еткен қарт ананың біздің ауылда тұратынын мақтан тұтамыз.
Әжейдің бес баласы, 13 немересі, 18 шөбересі бар. Ұрпақтары қарт ананы алақандарында аялап отыр. Сабыр-парасатын, сергектігін жоғалтпаған 99 жасар Күніш әжемізге зор денсаулық, тіршіліктің бар жақсылығын тілейміз.
Шынар РАХПАНОВА,
тарих пәнінің мұғалімі.
Лаврентьев ауылы,
Әулиекөл ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓