Ер есімі – ел есінде

Осындай тақырыпта Ш.Уәлиханов атындағы орта менің 9 сынып оқушылары арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған ашық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты кешегі соғыс жылдарында қаһарман майдангерлердің ерлік істерін жас ұрпақтың санасына сіңіру. Аталмыш сынып оқушылары өз өнерлерін паш етіп, соғыс уақытында шырқалған әндерді нақышына келтіріп орындады.20150506_105028
Сонымен қатар “Біздің соғыс” атты деректі фильмді көпшілік назарына ұсынды. Сәтті шыққан бұл фильм партизан сайының бойында түсірілген. Тамаша бастама алдағы уақытта жалғасын таппақ. Торғай мұражайлар кешенін директоры Гүлбану Құлетқызы, аудандық қорғаныс істер бөлімінің басшысы, капитан Қайрат Ғабдырашұлы талаптары таудай мектеп оқушыларына ризашылықтарын білдіріп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтады.
Ұзақ жылдар сапалы білімді саналы ұрпақтың жадына сіңірген осы мектептің мұғалімі Тамаша Қабажаева тағылымды тәрбие сағатынан ерекше әсер алғандығын айтып, оқушылармен ой бөлісті. Сынып жетекшісі Салтанат Бақытжанқызы келген меймандарға естелік сыйлықтар табыс етіп, суреттегі танкінің макетін аунытпай жасаған Сеъзбек Дүйсенбайұлын арнайы алғыс хатпен марапаттады.
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓