Ысырапшылдық күнә…

 
Қостанай  таңы  газетінің  №9 санында (27 қаңтар, 2015 жыл) жарияланған "Зират  кө-теру  парыз ба, әлде…"  атты мақаланы  оқып  шығып,  ме-нің де қолыма  қалам  алуыма тура келді. Мақалада көтерілген зират көтеру мәселесі бү-гінгі  күннің өзекті  проблемасы  болмаса да,  жай  ұғып, жөн  айтар мұсылман қауымын  алаңдатары  анық. Олай дей-тініміз  кейінгі  уақытта  көр-гендеріміздің ішінде көзге  оғаш, көңілге  қаяу  түсіретін, қоғамға  ерсі, халық  арасында  жағымсыз  әрекеттердің  бірі – ысырапшылдыққа  бой  алдыру  бәсекеге  айналып  барады. Біз шамамызға қарамай, тым әсершіл, мақтан қу-ғыш, жалған  намысшыл  халықпыз, мен жаңалық  ашып  отырғаным жоқ, бұл сөзді  кезінде ұлы ғалым Шоқан  Уәлиханов  та айтып  кеткен. Өкі-ніштісі, ол кездегі қалпымыз еш  өзгерместен  жадымызда жатталып, бойымызға желімдей  болып  жабысып, бүгінде  де жалғасын  тауып  отыр.майт 1
Бір  шындығы – қазақтың  салт-дәстүрлері, наным-се-німдері Ислам  дінінен  бұрын  қалыптасқан. Демек, әлімсақтан түпкі  атамыз  көшпелі  көк  түркілер  қағанатынан  ата-бабалардан, атадан балаға мұра  болып келген, содан біздің  заманда да жалғасын тауып отыр. Қазақ салт-дәстүрлері-нің  дені  шариғатқа  қайшы  келмейді. Мәселен, үлкенді  сыйлау, алдын  кесіп өтпеу, кішінің үлкенге сәлем  беруі, ізеттілігі, келіннің  ибалық  жасап иіліп  сәлем  жасауы,  баланы  сүндетке  отырғызу, тағы басқалары…
Бүгінгі  заман  ата-бабаларымыздың  ғасырлар  бойы  аңсап кеткен, "қой  үстінде  бозторғай жұмыртқалаған"  заманның  өзі. Олай дейтіні-міз, бізде бәрі бар, тәуелсіздік, еркіндік, байлық, үй-жәй, мал-жан, жеке  автокөлік… Бір Алланың бізге берген барша нығыметтерін  қалай  пайдаланып, үлгіртіп жүрміз осыған  тоқтала кетсек.
Шариғаттың тереңіне бойламай-ақ, беріден  қайырар болсақ, ол кездің той томалағы мен өлік жөнелту рәсімдерін бүгінгі заман  тіршілігімен  салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Яғни, ол кезде нәресте дүниеге  келгенде, сүндетке отырғызғанда, үйленгенде  бір қойын ғана сойып,  жақын туғандарын шақырып, тойын жасаған. Өлгендердің атақтыларына, әулие-әмбиелеріне  там (мазар, кесене ) көтеріп, былайғы қалың бұхараның  қабірін мал аяғы баспасын деп орлап  қоятын  болған. Ал бүгінде той-томалақ, іс-шара өткізгенде бай, кедей  екеніне қарамастан ұлан-асыр той жасап, барынша шашылу, аста- төк ысырапшылдыққа жол беру басымдық  алып  барады. Дәулетті болса миллиондарды сарп ету, ал кедей болса, несие  алып  ұлан-асыр той өткізуге тыраштану  жазылмаған заңдылыққа айналды. Тойдан кейін кедейлерге берешегін өтеу мұң болып, әлдебіреудің күйін кешуде, қандай өкінішті. Мұндай шашылудың артында "пәленшеден кем болмауым  керек"  деген жалған намыс жатыр. Осындайда айтылған болар "көрпеңе қарай көсіл", "құмырсқа жолыңды біл" деген бұрынғының нақыл  сөздері. Амал қанша, бәсекеден басы айналған халықтың  ұлағатты тыңдауға мұршалары жоқ. Демек, осының  барлығы мақтанышқа негізделген іс-әрекеттер.
Сол сияқты, соңғы кездері өлікті жөнелту рәсімі де өзгерді. Бүкіл бір отбасы, бала шағасы қайғыдан  қан жұтып егіліп жатқанда, ұйымдастырушылар кафелерде тойға жайылған дастархандай шектен тыс мал шашып, ас беріп, керемет мазарлар тұрғызу бәсекеге  айналған. Ау, айналайын ағайын, бұл торқалы той емес, топырақты  өлім ғой, соны неге ескермейміз?..
Иә, өлгендерді арулап ойдағыдай жөнелту, басына белгі орнату артында қалған ұрпағының  міндеті, шариғат та осыны айтады, бірақ ысырапшылдыққа барма, ол  – күнә,  ол  шайтандардың     ағайындары деген  Алла тағала. (Исра сүресі.26,27 аят). Өліге астатөк астан, керемет мазар тұрғызудан  тиетін еш сауап жоқ, бар тиетін  сауап  арнайы құран бағыштап, арнайы садақа беріп,  дұға жасасаң, өлі атынан қажылық жасасаң, міне осылар күнәсін  жеңілдетеді.
Тобықтай сөздің түйіні, әр нәрсенің реті бар. Өлікті жөнелтуде, там салуда болсын, бай да, кедей де  асып-таспайық, бауырлар. Сіз-біз болып, болашақ ұрпақ-жеткіншектерімізді дұрыс иман, дұрыс  жолда   және  дұрыс  Таухид  сенімінде  тәрбиелейік. Жаратқан Ием баршамызға  хидаятты  өмір және көркем мінез  берсін! Аспанымыз  ашық  болсын!
Нағашыбай СЕРІКБАЕВ,
"Нұр" мешітінің  алқа мүшесі, намазхан.
Рудный қаласы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓