Алаяқ

Қостанай  облыстық   ішкі істер департаменті тергеу бас-қармасының аға тергеушісі Ә.Әлиев  алаяқтарға керемет таң қалатынын жасырмайды.
Бұрын  қылмыскерлер ізін кесу саласында істеген кезде жағдай басқаша болатын. Жасалған қылмыстар, айғақтар және куәгерлер көз алдыңда. Мына алаяқтарды құрыққа іліктіру оңай емес. Кейде дәлел жетпегендіктен істі тоқтатуға тура келеді.алаяк 1
Қостанайдағы банктің бі-рінде күзетші болып істеген  жігіт несие алушыларды алдап, арбауға машықтанған.
Оның жылпостығын ешкім де байқамайды. Қандай жағдайда да сүттен ақ, судан таза қалпын сақтайды. Адамның сеніміне кіру талантын шебер меңгерген.
Көктем айының орта кезінде  жиырма алты жастағы  әлгі азамат  отыздан асқан келіншекпен танысады. Сырласа келе әйелдің қаражатқа мұқ-таждығын сезеді.
–  Тұрмыстық техниканы  несиеге алудың жолын біле-мін, –  дейді алаяқ. Оның майда тіліне әйел сеніп қалды.
– Несиені алу мүмкін емес.
– Е, сол да сөз болып па? Тұрмыстық техниканың ұнағанын  сатып аласыз. Соларды тездетіп сату керек. Қолға тиген ақшаның жартысы сіз-дікі.  
–  Несиені қалайша өтей-мін? –  деп қынжылды әйел.
– Таныстарым арқылы  несие көзін жабамын.
Нық сеніммен сөйлеген  жігіттің қармағына қалай іліккенін әйел сезбеді.
Жігітке еріп, дүкеннен екі ноутбук  сатып алды. Олардың бағасы үш жүз мың теңгеден астам.
Әйел сатып алған дүниелерін жігіттің қолына ұстатты. Несие алған құжаттарды  да қоса берді.
Ноутбуктарды  сатуға   уа-қыт кететінін білетін әйел шыдамдылықпен күтуге бе-кінді. Алаңсыз жүре берді. Әжептәуір  күннен кейін жі-гіттің ұялы телефонына қо-ңырау шалды. Ұялы телефонға қоңырау жетпегесін күдігі  ұлғайды. Әрі ойлап, бері ойлап, полицияға хабарласты.  
Әйтсе де, құқық қорғаушылар алаяққа кінәсін  бірден мойындата алмады. Үш рет тергеу жұмысын тоқтатуға ту-ра келді. Себебі, нақтылы айғақтар табылмады.  Арада куәлер болмағандықтан   қылмыс дәлелденбеді. 
Аталған алаяқ мұнымен  қоймай келесі ашық ауызға дүкеннен бір  ноутбук пен теледидар   сатып   алғызды. Бұ-ларды да,   банктен алған несие құжаттарын да жігіттің қолына ұстатты. Қылмыскер оған да ұстатпай кетті.
Жылпос жігіт сегіз адамды алдап, тақырға отырғызған. Солардың бірі өзінің туған ағасы.
Тергеушілер оның  алаяқтықпен тапқан ақшасы екі миллион теңгеден асқанын анықтады.
Ермекбай   ХАСЕНОВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓