Ұрлық түбі – қорлық

сумка 1

Қостанайда Майлин көшесін-де белгісіз біреу бір әйелдің сөмкесін ұрлап кетті. Шығын мөлшері 7 мың теңге. Жедел-іздестіру шарасының барысында 63 жастағы затоболдық ұсталды. Сөмке тәркіленді. Темірбаев көшесінде зейнеткер әйелдің сөмкесінен ұры әмиянын ұрлап кетті. Әмиянда жеке куәлік пен ақша болған. Полицейлер 30 жастағы күдіктіні анықтады. Ол ұрлық жасағанын мойындады. Әмиян иесіне қайтарылды. Абай даңғылындағы бір үйдің ауласында тұрған "ВАЗ 2114" машинасынан есіктің ашық қалғанын пайдаланған ұры құжаттарды ұрлап кетті. Көп ұзамай күдікті қолға түсті. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓