“Жақсының жақсылығын айт…”

Мінеки, дәл осындай тауып айтылған дана сөзге лайық азамат Соналы ауылының тумасы – Айтжан Есенгелдинов.Соналы орта мектебінің оқушылары
Ол – бірнеше жылдан бері Соналы орта мектебіне қол ұшын созып келеді. Ең алғаш білім ордасына интерактивтік тақта тарту етіп, педагогтар ұжымын бір қуантты. Одан кейін "нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" – демекші, мектепке дәл осы дүниені алып беріп, домбыра оркестрінің құрылуына демеушілік жасады. Одан қалды, қажетті музықалық жабдықтармен жарақтап, спорттық құралдармен де қамтамасыз етті. Сондай-ақ, жақында ол оқушыларды қайтадан қуантты, яғни 7 шаңғы мен аяқ киім, командаға қажетті жаңа форма және доп сыйлады. Тізе берсең, толып жатыр…
Ең бастысы, Айтжан Тайгенұлын мектептегі кадр тапшылығы мәселесі де қатты алаңдатады. Өйткені, ол Соналы мектебінің түлегі – Альбина Дүйсенованы ҚМПИ-ға түсірді, оқуының ақшасы  мен стипендиясын өзі төлеуде.
Соналылықтар дәл осындай саналы, жүрегі  жомарт жанмен мақтанады, оған әрдайым алғыстарын айтудан танған емес.
Руслан   ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓