Жасандылықтан қашан құтыламыз?

Егемен еліміздің бүгінгі тарихында ерекше аталып өтілуге тиіс екі мереке бар. Оның бірі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Ал екіншісі – Наурыз мейрамы. Тәуелсіздік – біздің ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсап, армандап жете алмай кеткен күн. Ал әз-Наурыз халқымыздың тұрмыс-салтымен біте қайнасып бағзы заманнан келе жатқан төл мереке. Бұл мейрам туралы кітаптарда, газет-журналдарда алуан түрлі аңыз-әңгімелер жазылған. Сол құнды дүниелерді оқып отырып, іштей разы боласың. Бір әттеген-айы осы ерекше мереке Григориан күнтізбесі бойынша 31 желтоқсанда атап өтілетін Жаңа жылдың тасасында қалып қойып жатады. Еуропаша өткізіліп жүрген Жаңа жылға алдын ала дайындалып, отбасымызбен бір дастархан басына жиналамыз. Ал Наурызда мұның бірін де көрмейсіз. Менің ойымша, Наурыз сахналық кейіпке енгендей. Әр мекеме, ұйымдарда концерт өткізіп, өз өзімізді алдаймыз.наурыззз 1
Ұлыс күнін әр қазақтың бойына сіңіру керек сияқты. Себебі қазір кез келген жастан бұл мереке туралы сұрай қалсаңыз киіз үй, наурыз көжені атап береді. Ал наурыз дегеніміз киіз үй тігіп, наурыз көже ішумен шектелмеуі керек. Бұл ұлтымыз­дың жаңа жылы, жыл басы емес пе! Дала кезген Наурызды төрге оздырсақ жараспай ма! Сондықтан әр қазақ наурызды тойлауды өз отбасынан, ошақ қасынан бастаса екен деймін.
Сырлыбек НҰРЖАН.
Жамбыл ауылы,
    Қостанай ауданы.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓