Жастар жарады!

Жуырда Тараз қаласында грек-рим күресінен 1994-1996 жылы туған  жастар  арасында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың жүлдесі үшін республикалық турнир болып өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен екі жүзден астам палуандар қатысты. Міне, осы сындарда қостанайлық Саркис Пшеничников 96 келі салмақта  чемпион атанды. Сондай-ақ, 120 келіде боз кілемге шыққан Талғат Жиентаев та жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Науан Бақытов пен Наиб Гучигов қола жүлдені қанағат тұтты.
Әлібек
      ЫБЫРАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓