Тұмауды өткізбейміз

Жаттығу жоспарына сәйкес "Алматы-Қостанай" жолаушылар поезының бастығынан жолаушылардың бірі тұмаудың ауыр түрімен науқас екені туралы жеделхат келіп түсті. Қажетті қызметтерге жедел хабар беріліп, обаға қарсы костюмдер киген эпиде-миологиялық топ поездың келе-тін орнына жіберілді. Полиция қызметкерлері "ошақ" аумағын қоршап, ал санитарлық дәрігерлер тұмаудың ауыр түрімен ауырған "науқасты" тексеріп, жедел ауруханаға жеткізді. Вагонда дезинфекция жүргізілді. Жаттығу барысында инфекциялық ауру анықталған жағдайдағы жедел қызметтердің іс-әрекеті пысықталды.