Сержан – күміс жүлдегер
Арқалық қаласында 4 күн бойы дзюдо самбо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері Рамазан Сыздықовты еске алуға арналған VIII республикалық турнир өтті. Бұл жарысқа Астана, Қарағанды, Сәтбаев, Степногорск, Қостанай, Лисаков, Рудный, Арқалық қалаларынан және Таран, Аманкелді, Жанкелдин аудандарынан барлығы 14 команда қатысты.
Осы жарысқа 73 келі салмақта күрескен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Сержан Карбозов жүлделі 2-ші орынды жеңіп алып, дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атағын сәтті қорғады.
Сержанның бапкері – аталмыш мектептің жаттықтырушысы Бақтілеу Сабыров.
Әріптестері Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында жақсы спорттық нәтижеге қол жеткізген Сержанды жеңісімен құттықтап, спорт шебері атағын тезірек қорғауына тілектестіктерін білдірді.
Хамитбек МҰСАБАЕВ.
Аманкелді ауданы