Игорь Маркосты еске алды

Баскетболдан танымал бапкер Игорь Маркосты еске алуға арналған турнир мәреге жетті. Белгілі спортшыны еске алуға оның достары мен спортшылар, жаттықтырушылар жиналды. Игорь Маркос 2009 жылы өмірден озған болатын. Ол қостанайлық баскетболшылардың бірнеше буынын тәрбиелеп шығарды. Олардың арасында кейін жоғары нәтижелерге қол жеткізген кәсіби спортшылар аз емес.
Осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырған турнирге  "Арай", "Ария" және  аудандар құрамасы тәрізді үш команда қатысты. Мемориалға челябілік баскетболшылар да шақырылған еді. Алайда олар келген жоқ. Сонымен,  И.Маркос атындағы ауыспалы Кубок турнир жеңімпазы атанған "Ария" командасына бұйырды.
Жекелеген спортшылар арасында лисаковтық Шайым Қуанов үздік қорғаушы атанды. Сондай-ақ, қостанайлық Виктор Писаренко үздік шабуылшыға берілетін жүлдені иеленді. Ең нәтижелі ойыншыға тағайындалған жүлде аудандар құрамасының мүшесі Александр Дербуштың қанжығасына байланды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓