Көрісу

Ұлыс күні көрісуден басталады. Бұл күні сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар. Ер адамдар қол алысып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасады. Қос қолдап амандасып, төс қағыстыру – өмір тірегім – төсім, тіршілік көзім – екі қолым аман-сау болсын дегенді білдіреді.
– Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен,
Шалдар бата беріскен:
Сақтай көр деп терістен,
Кел таза Бақ кел десіп,
Ием, тілек бер десіп,
Көз көрмеске өш десіп.наурыз цифр
"…. Наурыз қазақтың шын мағынасындағы  ұлт  мейрамы.  Наурызды  қазақтан басқа: Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар, Кавказ, Түркістандықтар да мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрам етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Неге десеңіз, марттың ескіше 9-да, жаңаша 22-інде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп шаруа кенеледі. Қыс бойы ақ кебінін жамылып өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды-жансыздың тірілуі кімнің болса да көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне, жаздың жетуіне қазақтан артық тілектес, қазақтан артық қуанатын ел жоқ деуге сыяды.
…Сондықтан бұл Наурыз ел-елде қуанышпен қарсы алынып, шаруаның бір малы екеу болып, көңілі өсіп, жасы үлкендер құшақтасып көрісіп, жаңа өспірім жас буын қуанысып күлісіп, жанның бәрі дүнияға жаңа келгендей мәз-мәйрам болса керек.
Қуанышты күнің – Жаңа жылың құтты болсын, қазақ!  Дүниеге көрік берген шырайлы жыл басы – Наурыз, қош келдің!".
Міржақып ДУЛАТОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓