«Наурыз аруы»

Осындай атаумен Наурыз мерекесіне орай Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде арулар байқауы өтті. Оған әр ауылдың үкілеп қосқан үміткерлері қатысты.IMG_1174
Айта кеткен жөн, бұл шара аудандық мәдениет үйі мен тілдерді дамыту орталығының қолдауымен ұйымдастырылды.IMG_1189
Байқауда бақ сынағандар, алдымен, өздерін таныстырудан бастады. Одан әрімен өз өнерлерін ортаға салып, салт-дәстүрге байланысты қойылған сауалдарға жауап берді.IMG_1192 Сондай-ақ, қол өнер шеберліктерін де паш етіп, көздің жауын алатын көйлектерін киіп, сахнаның сәнін кіргізе түсті.IMG_1176
IMG_1140IMG_1131Нәтижесінде, барлық сыннан сүрінбей өткен Сарыкөл орта мектебінің мұғалімі – Дана Сейдахметова «Наурыз аруы» атанды.IMG_1248 Ал, қалғандары қатысқандары үшін марапатталып, сый-сыяпаттарға ие болысты.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓