Мықтыны мықты жеңер алысқанда… (ВИДЕО)
Ұлыстың Ұлы күні ұлттық спорт ойындарынан бәсекелер ұйымдастырылды. Қазақ күресі, Аударыспақ, Қой көтеру, Асық ату, Тоғызқұмалақ пен Арқан тартыс сынды спорт түрлерінен көрермендер де, кәсіпқой спортшылар да сынға түсті.
Алдымен, Қазақ күресінен бастайық. Облыс орталығындағы торқалы тойда Тобыл-Торғай өлкесінің маңдайалды бозкілем шеберлері бәсекелесті. Спортшылардың бәрі бабында. Әз-Наурыз мерекесіне арналған дәстүрлі турнир екі дәреже бойынша өткізілді. Яғни, 80 келіге дейін және осы салмақтан жоғары спортшылар "Түйе палуан" атағы үшін белдесті. 








Сөйтіп, жүлдеге тігілген 100 мың теңгелік ақшалай сыйлықты қанжығасына басып, Наурыз тойындағы "Түйе палуан" атанды.
Тоқтар Жиентаев екінші орынды қанағат тұтып, жүлдеге берілген қойды иеленді.
Сонымен қатар, ұлттық ойынымыз "Аударыспақтан" да қомақты жүлде қоры тігіліп, батыр ұлдар күш сынасты. Ат үстіндегі текетірес тартысқа толы болды.
Көрермендер арасынан суырылып шығып, бақтарын сынаған жігіттер де бар.






Екінші жүлдені місе тұтқан Дархан Садмановқа Наурыз тойынан қойды сыйға тартты.
Бұдан өзге жиналған жұртшылық арасында асық ату, қой көтеру және арқан тартыс сияқты ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар табысталды.


Спорттық шараларға мұрындық болған Қостанай облысы әкімдігі мен "Социум және Мен" қоғамдық бірлестігінің басшысы М. Журкабаев екенін айта кеткен жөн.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ