Бес айлық сәби екенмін…

Менің әкем Ақан Қонақбаев Аманкелді ауданы "Бірлік" ұжымшарында 1908 жылы туған. Туысы Жанғали Мақашев екеуі Троицк қаласында оқып, білім жетілдірген. Әкем ауылдық кеңес төрағасы болыпты. Тұрған жері Бейнетқор ауылдық кеңесіне қарайтын Нарөлген ауылы.
Сол жерден 1942 жылы шілде айында соғысқа аттанады. Мен жаңа туған бес айлық бала екенмін. Әрине, әке бейнесі есімде жоқ.бир ауылдын тулеп 8шкан жастары
Мен әкем туралы тек Торғай облыстық "Боздақтар" кітабындағы деректерден және анам марқұм Кәмила Құдабайқызының айтқандарынан ғана білемін. 1995 жылы шыққан кітаптағы деректер бойынша Қонақбаев Ақан майданға Торғай аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылған. 480-миномет полкінде қызмет атқарған. 1943 жылы 15 қазанда Киев облысы, Григорьевка деревнясы маңындағы ұрыстардың бірінде қаза болған.
Отбасында сақталған сурет соғысқа дейін түсірілген. Столда отырған екінші  (солдан оңға қарай) менің әкем Қонақбаев Ақан, бірінші отырған Әнуар Ғайсин. Әнуар ағаны көрдім, ол ұзақ жылдар бойы "Бүйректал" кеңшарында еңбек етті, бертін келе жол апатынан қайтыс болды.
Суреттегі жігіттердің дерегін анық білетін көнекөздер де қалған жоқ қой. Мен анамның айтуы бойынша Жеңіс мерекесі қарсаңында еске түсіріп отырмын. Ол кісі де 2001 жылы 82 жасында дүниеден өткен еді.
 Майдангердің ұлы
Сәбитбек Қонақбаев.
Қостанай ауданы.
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓