Нұрын төккен Наурыз

20160321_111343        Күн мен түнді теңелткен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі Арқалық қаласында да айшықты аталып өтті. Қала жұртшылығы жылдағы әдетпен ертелетіп орталық «Наурыз» алаңына ағылды. Ақшаңқан киіз үйлер сап түзеген, қызылды – жасылды жалаушалар желбіреген мерекелік көңіл күйдегі алаң, жұртшылықты көңілді саз ырғағымен қарсы алды.
    DSCF4109    Думанды дала сахнасында Қыдыр баба, Ұмай ана, жаршылар бата – тілектерін айтып, ұлттық нақышта киінген қыз – жігіттердің қатысуымен сахналандырылған қойылымдар көрсетілді. Мерекені тамашалауға жиналған халықты қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов құттықтап, жылы лебізін білдірді.
DSCF4112
       Жаңа 2016 жыл Ұлт – азаттық көтерілісінің – 100 жылдығы, Тәуелсіздіктің – 25 жылдығы, Қостанай облысының – 80 жылдығы, Арқалық қаласының – 60 жылдығы сынды ел өмірінде елеулі орын алатын шоқтықты шаралардың жылы. Айтулы шараларды лайықты атап өту елдің елдігін, пейілдің кеңдігін көрсетеді.
DSCF4117   
 Мерейлі жылда мерейі үстем болғандар да аз болмады. ҚР Мәдениет қайраткері, Б. Байқадамов атындағы музыка мектебінің директоры Боранбай Әбеновке "Арқалық қаласының құрметті азаматы" атағы берілді. Бір топ еңбек озаттары көп жылғы еңбегі үшін және Наурыз мерекесіне орай қала әкімінің алғыс хатымен, грамотасымен марапатталды.
20160321_112835
     Құттықтаулар легін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәнібек Ғапбасұлы, Кәки Ақан, Орекен Алмат сынды ел ағалары жалғастырып, елге ақжарма тілектерін арнады. Мың бұралған би, әуезді ән, күмбірлеген күй тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, шынайы әсерге бөледі.
     Елді шаттығымен баураған Наурыз мерекесінде "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен сайлаудағы "НұрОтан" партиясының жеңісін атап өтті. Жеңімпаздар форумында партия белсенділері халықты Наурыз мейрамымен құттықтап, жасотандықтармен бірге париоттық әндерді шырқады.
    Қала мекемелері мен ұжымдары киіз үйлер жанынан наурыз көже таратты. Қысқасы, қараша үйден құр шыққан адам жоқ. Сауда – саттық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, гір тасын  көтеру, арқан тарту тәрізді спорттық ойындар да көптеп көрініс тапты
.DSCF4128
 
DSCF4129
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓