Аудандық Абай оқулары байқауы

Қамысты ауданы әкімдігінің "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтін 18-30 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері арасында аудандық Абай оқулары байқауын өткізді.
Байқауға қатысушылар өздерін таныстырып, Абай шығармаларын жатқа оқып, әндерін орындады. Әділқазылар алқасы байқаудың қорытындысын шығару кезінде үміткерлердің көркем мәтінді таңдауы және оқу шеберлігіне, қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап сөйлеуіне, ән орындау нақышына, сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне назар аударды. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Қамыстының  №2  орта мектебінің электрондық база әкімшісі Кужина Марина Александровна жеңіп алса, екінші орынды "Айналайын" балабақшасының ағылшын тілінің мұғалімі Михель Юлия Валерьевна, үшінші орынды Қамысты ауданы әкімінің аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Калагина Людмила Михайловна иеленді. Байқау жеңімпаздары дипломмен қатар бағалы сыйлықтармен де марапатталды.
Д.ТІЛЕУҚАБЫЛ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓