Бөбекжайдағы әсерлі кеш
Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз.
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл – 76 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Осының бәрін еске ала отырып, №11 бөбекжай-бақшасында спорт нұсқаушысы Сайлау Кәкімқызының ұйым-дастыруымен "Бейбіт күн жасасын бар елде" атты салтанатты шеру өткізілді. Байқау түрін- де ұйымдастырылған іс-шараға даярлық топтары қатысты. Бүл-діршіндер саппен жүру, түрлі шерулік жаттығулардың жасалуын көрсетті. Сонымен қатар, Ұлы Жеңіске арналған көріністер көрсетіп, би билеп, ән шырқады. Ерекше бірдей сап түзеген топтар көзге түсіп, әділқазылардың арнайы жүлделерімен марапатталды. Осындай іс-шараға арнайы бүлдіршіндерді дайындау барысында көп еңбек сіңірген тәрбиешілеріміз – Г.Исмағұлова, К.Сүлейменова, У.Әбенова, Б.Испаеваларға алғыс білдіреміз.
С.Омарова,
спорт нұсқаушысы.
А.Құрмансейтова,
музыка жетекшісі.